"Кітап - AMANAT" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАП ӘЛЕМІНЕ БІРГЕ ҚАДАМ БАСАЙЫҚ!» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Шараға "АМАNАТ" партиясының Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Баймұратова, Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Э.Бектұрғанова, ауыл әкімі Е.Жүсіп, №159 орта мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаты А. Өмірәлиев қатысты.
Іс - шараның мақсаты "Кітап - AMANAT" жобасы аясында отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, адамдарды кітап оқуға ынталандыру, қазақстандық авторлар мен ақын – жазушылардың еңбектерін қолдауға бағытталған.
Байқауға Еңбекші ауылдық округіндегі мемлекеттік мекемелер "Нұр-бөбек" бөбекжай бақшасы, "Әділжан" балабақша яслиі, Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты, №84 мектеп ұжымы, №159 "Еңбекші"орта мектебі қатысып, бақ сынады.
Екі сайыстан тұрған байқау қорытындысы бойынша:
I орын - №159 "Еңбекші"орта мектебінің "ПАРАСАТ" тобы
II орын - "Әділжан" балабақша яслиінің "БІРЛІК" тобы
III орын - №159 "Еңбекші"орта мектебінің "КЕМЕ - БІЛІМ" тобы жеңімпаз атанды.
Жарыс жеңімпаздарына «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы атынан диплом мен Алғыс хат, арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.
Барлық қатысушы командаларға алғыс хаттар мен ұйымдастырушылар тарапынан ынталандыру сыйлықтар берілді.
"АМАNАТ" партиясының "Кітап - AMANAT" жобасы аясындағы ауқымды шаралар жыл бойында тұрақты жүзеге асырылатын болды.

