Өнегелі өмір иелері
Шараның ашылу салтанатында сөз алған кент әкімі Ғабит Аманжолов асыл аналарымыздың атқарған еңбектерін сөз етіп, игі тілектерін білдіріп, ақ жаулықты аналардың иығына қамзол мен бастарына ақ орамал жапты. Мәдениет үйінің қызметкерлері асыл аналардың құрметіне әсем әндерден шашу шашты.
Р.Бердешова мектепті тәмамдаған соң, комсомолдық жолдамамен сауыншы болып жұмыс жасайды. 1957 жылы Мәскеу қаласында өткен бүкілодақтық дүниежүзілік алтыншы фестивальға делегат болып қатысты. Еңбегі еленіп партия қатарына өтеді. Одан соң ауылына, ауданға, облысқа бірнеше рет депутат болады. «Халықтар достығы» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен және көптеген грамоталармен марапатталған. Ал, Айжамал Әбдіхамитқызы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтында филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде білім алды. №206 Жиделіарық мектебінде көптеген шәкірттерді білім нәрімен сусындатты. №157 Алғабас ауылындағы мектепте басшылық қызмет жасады. Үш рет Жуантөбе ауылдық кеңесінің депутаттығына сайланды. 1990 жылдан бері Жуантөбе ауылдық округінде әйелдер кеңесінің төрайымы қоғамдық қызметін атқарып келеді.
Жақаев ауылының тұрғыны Әтіркүл Шорабаева мектептегі балғын күндерін тәмамдаған соң, 1968 жылы аудандық партия комитетінің саяси кітапхана меңгерушісі, аудандық комсомол комитетінің мектептер бөлімінің меңгерушісі, 2-хатшы қызметін абыроймен атқарды. Одан соң аудандық тұтынушылар одағы басқармасының кадрлар жөніндегі орынбасары қызметін, Алмалы ауылдық кеңесінің депутаты, хатшысы, аудандық тұтынушылар одағы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды. Иіркөл халық депутаттары кеңесінің депутаты, аталмыш ауылдық округтің 14 жыл әкімі болды.
Күнімхан Байжігітова болса мектепті бітірген соң, түрлі жұмыстарды атқарды. «Қызылту» колхозы Ақтоған бөлімшесінде сол кездегі «Жақаевшылар» ізбасары ретінде күріш звеноводы болып жұмыс жасады. Сол жылдары әр гектардан 60-70 центнерден өнім берді. «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Екі рет ауылдық, үш рет аудандық, екі рет облыстық депутаттықа сайланды. 1993 жылы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Күлбибі Ізбасханова Нартай ауылындағы №156 мектепті жақсы бағамен бітіріп шығып, 1 жыл өзінің ауылында қызмет атқарады. 1973 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының даярлық курсына түсіп, 1980 жылы аяқтайды. Одан соң Жалағаш ауданының перзентхана бөлімінде бас акушер-гинеколог міндетін атқарады. 1986 жылы Шиеліге қоныс аударып, осы мекеннің перзентханасында бас акушер-гинеколог қызметінде болды. Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» халыққа сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан денсаулық саласының үздігі» төсбелгісімен, түрлі грамоталармен марапатталған.
Еңбек жолында талай қиын-қыстау заманды бастан өткеріп, жоқтан бар жасап еңбек еткен аналар естеліктерін айтып, тұрғындарға қандайда бір қиыншылық болса төзе білуге шақырды.
«Өскен өңір» ақпарат.