Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚЫЗЫЛОРДА-НАН» ЖШС КЕШЕНІНДЕ 3 ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

«ҚЫЗЫЛОРДА-НАН» ЖШС КЕШЕНІНДЕ 3 ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қызылорда-Нан» ЖШС-ның нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешеніне, жаңа жылу-электр орталығына барды.
Кешен жобасы 2 кезеңнен тұрады, өндіріс толық автоматтандырылған. Қазіргі уақытта 3 өндірістік цех іске қосылды. Алда 4 түрлі өнім шығаратын печенье цехы жұмысын бастайды.
Өнімнің 30%-ы кәсіпорынның жеке сауда желісі арқылы, ал 70%-ы Қызылорда қаласы мен оған іргелес елді мекендерге жеткізіледі.
Мемлекеттік қолдау аясында жобаға 5 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылым, яғни су және кәріз желілері тартылды. «Қазақстан Халық банкінен» жеңілдікпен 1,2 млрд. теңге несие алған. Оның пайыздық мөлшерлемесі мемлекет тарапынан субсидиялануда.
Екінші кезеңде ұн комбинатын салу жоспарланған. Қазір цехта 120 адам жұмыс істейді, алдағы уақытта оның саны 150-ге жетеді.
Одан кейін аймақ басшысы жаңа жылу-электр орталығының құрылыс барысын тексерді. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылордада «Aksa Energy» түрік компаниясымен бірлесіп, қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда.
Жоба аясында 180 МВт-тық 2 газ турбиналық қондырғы (General Electric, АҚШ), 95 МВт-тық бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), қуаттылығы сағатына 120 тоннаны құрайтын 2 бу қазандығы (AC BOILERS, Италия) мен сағатына 150 Гкал жылу өндіретін 4 жылу қазандығын (Mimsan, Түркия) салу жоспарланған.
Бүгінде құрылыс жұмыстарының 80 пайызға жуығы аяқталды. Бюджет есебінен автоматтандырылған газ тарату станциясы мен 45 шақырым газ құбыры салынды. Биыл бірінші кезекте орталықтың 1 газ турбиналық қондырғысы мен 2 жылу қазандығы, 2026 жылы қалған қондырғылар қосылады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
17 қыркүйек 2025 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930