Өмірі еңбекпен өрнектелген
Елі үшін туған, бүгінде алдияр жас – алпыстың алтысына шыққан Жақсылық Әліұлы кемелді ісімен көпшілік құрметіне бөленген, халқымыздың өз заманына лайық туған тұлғасы. Осы мақалада кейіпкеріміздің балалық шағынан, ата жас – алпыс арасындағы ғұмырнамасынан сыр шертуді жөн көрдік. Өткен ғасырдың ортан белінде 1951 жылы «Ақмая» ауылында өмір есігін ашқан, бүгінде еселі еңбегімен абыройға бөленген ағамыздың атжалын тартып мінген балиғат жасынан бүгінгі еңсесі биік өр тұлғалы ғұмырына зер салсаңыз, ғибратқа толы парасат пен ізгілікке кенелесіз. Кең пейілді, кемел ойлы, шындық пен турашылдықтан таймайтын бір қалыпты ұстанымын көргенде, өңірімізде осындай ер тұлғалар барына ішің жылып сала береді.
Қарапайым шаруа отбасында, әкесі Әлінің 44 жасында дүниеге келген сәбидің атын Жақсылық қоюының өзі бір тарих. Анасы Бибайша құрсақ көтерген сәтте әкесі түс көреді. Түсінде аян беріп: «жарыңның құрсағына ұл бітті. Көрген қиыншылықтарың артта қалсын, есімін Жақсылық қойыңдар» – деген екен. Міне, сол сәттен бері еліне, жеріне жақсылығын тигізіп, адал еңбекпен зор құрметке жетіп келеді. Ол 1958 жылы №49 Авангард орта мектебіне 1-сыныпқа барып, оны үздік аяқтап шығады. 1968 жылы Алматы қаласындағы Мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтына түсіп, 1973 жылы ғалым-агроном мамандығын иеленіп, алғашқы еңбек жолын «Авангард» совхозында қатардағы есепші, агроном, бригадир болып бастайды.
Еңбек жолының келесі сатысы 1980 жылы көршілес «Гигант» колхозында жеті жыл бас агроном болып жұмыс істеуімен басталып, одан әрі колхоз басқарма төрағасының орынбасары, басқарма председателі қызметтерімен ұштастыра еңбек етеді. Ал, 1993 жылы «Авангард» күріш совхозының директоры қызметін де абыройлы атқарып, жаппай жекешелендіру саясаты кезінде алғашқы күндері «Ақмая» ауылдық округі әкімі, кейіннен яғни, 1997 жылы «Гигант» ауылдық округінің әкімі болып 2010 жылға дейін абыройлы қызмет етеді. Әкеден көрген тәлім-тәрбие еңбекқорлыққа баулып, өмірден өз орынын табуына сеп болады. Әр істің өзіндік қиындықтары мен қызықтары болатыны белгілі. Ал, соның бәріне төтеп беріп, керегін меңгеріп тынбай қызмет ету екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Алпауыт 30 елдің қатарына еніп, қанатымызды кеңге жаюды алға қойғанымыз белгілі. Сол жолда аянбай еңбек етіп, тер төгуіміз де керек. Ал, оны алдыңғы буын ағалардан қарап үйренеміз. «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Цифрлы Қазақстан», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «100 жаңа оқулық», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Туған жер» сынды жобаларын қолға алып, оның жүзеге асуына барынша тырысуымыз қажет. Сонда ғана құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты, ұлттың болашағын, келер ұрпағын, біз де қорғайтын боламыз. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпаққа адуынды мемлекеттердің бірі етіп мирасқа қалдыратын боламыз» ‒ деген Жақсылық ағамыздың сөзінен соң елдің баласы екенін аңғардық.
Қолы тиген істі домалата жөнелетін Жақсылық ағамыздың еңбегі жыл сайынғы, нақтырақ айтар болсақ, 2008 жылы ауданның үздік ауыл әкімі номинациясы мен 2011 жылы Облыс әкімінің Құрмет грамотасы, 2012 жылы аудан әкімінің және 2013 жылы облыс әкімінің Алғыс хатымен, 2014 жылы ауданның үздік агроном номинациясымен марапатталуынан байқауға болады. Сондай-ақ, 2016 жылы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, Республикалық кәсіподақ ұйымының І-ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісін иеленгендігін де айта кеткенді жөн көрдік.
Бейнеттің зейнетін көрер жасқа жеткенше Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлім бастығы қызметін атқарған Жақсылық ағамыз бен жары Әйгерім апамыз бүгінде 2 ұл, 2 қыз өсіріп, 11 немере тәрбиелеп отырған үлкен шаңырақтың иесі. Бүгінгі күні ұл-қыздары мен немерелерінің бойына рухани құндылықтарымызды, асыл қасиеттерімізді сіңіріп, тура жолға бағыттап отыр.
Гүлнәр Дүйсебай.