Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кедей бес түрлі садақа береді

Кедей бес түрлі садақа береді


Бір күні жоқшылықтан жадап-жүдеген бір кедей көпті көрген дана қартты жолықтырып: -                    Айтыңызшы, мен неге осындай кедей болып туылдым екен? – деп налиды. Данышпан оған: -                    Себебі, сен адамдарға жомарттық танытпайсың, өте сараңсың, - деп жауап береді. Бұл жауапқа таң қалған кедей: -                    Қолымда беретін ештеңем жоқ, тапқаным өзімнен артылмаса, қалай жомарттық танытамын? – дейді. Сонда қария: -                    Негізі сенің адамдарға жақсылық жасауға мүмкіндік беретін 5 қабілетің бар. Сол мүмкіндіктеріңді оятып, жүзеге асырғаныңда бұлай демес едің, - дейді. Таң қалған кедей оның қандай қабілет екенін сұрайды. Сонда данышпан: Біріншіден, өзгелерге жымиып қара, күлімдеп жүр. Алла қаласа, осы арқылы да садақа жасап, сауапқа кенелуіңе мүмкіндік бар; Екіншіден, айналаңа мейірленіп қара. Олар сенің көзіңнен тек жанашырлық пен жақсылық көретін болсын; Үшіншіден, сен мылқау емессің, сөйлей аласың. Ендеше, адамдардан жақсы сөзіңді аяма; Төртіншіден, жүрегің тоқтаусыз соғып тұр. Ендеше, бар ықыласыңмен, жан-тәніңмен беріліп тұрып басқаларға жақсылық тіле. Олардың өмірінің берекелі, тұрмыстарының шырайлы болуы үшін дұға жаса; Бесінші, аяқ-қолың сау. Ендеше, денсаулығыңды пайдаланып, жұртқа пайдалы істерді атқар. Көмектес, - дейді.   Қарттың бұл әңгімесі кедейді қатты ойландырады. Иә, адамды бай қылатын - дүние-мүлкі мен ақшасы емес, қардай аппақ пейілі мен адал, аппақ көңілі! 
www.asylarna.kz

12 желтоқсан 2017 ж. 2 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930