Жүрегі Жомарт жан
Кәсібінен нәсібін тапқан жігіт ағасы – игі іс жасап, туған өлкесінің түлеуіне тер төгіп жүр. Байлыққа жүрегі байланбай, халқының қорғанына айналған атымтай автокөліктерге түрлі қызмет көрсететін «Магнит» орталығын іске қосты. Сонымен қатар, жуырда ғана өз иелігіндегі 35 сотық жылыжайдың 17 сотық жеріне сарымсақ егіп, жемісін маусым айында көруді жоспарлап отыр. Егістікке 1 млн. теңге қаржы жұмсалған. Ал, өнім ойдағыдай шығып, аудан орталығы мен өзге облыстарға сатылымға шыққанда пайдасы еселене түседі деп күтілуде. Одан бөлек кәсіпкер минутына 300 шеге шығаратын қауқары бар зауыт ашуды қолға алып жатыр. Бүгінде қажетті техникалары әкелінген. Кәсіпкер 1200 тонналық көкөніс сақтау қоймасын соғуды да қолға алмақшы.
Кәсіпкердің мұқтаж жандар мен аудандағы білім ордаларына жасаған игі істері де жетерлік. Қашанда қолында барын аямай, сауапты істердің айналасынан табылатын азамат оны жариялауды жөн көрмейді.
Расымен де шын мұқтажға жомарттық жасаудың сауабы мол. Сауапты іске – самалдай есілген, тұлпардай көсілген кейіпкеріміздің жақсылығы жетерлік. Ол – бергенін ұмытып, алғанын ешқашан ұмытпайтын адам. Тiзе берсек, кейіпкердің тамсандырар тiрлiгi таусылмас. Ол қашан да жұртқа жақсылық пен қайырымдылық жасауды, риза пейiлдi жандардың көзiндегi алғыс пен қуаныштан қуат алып, сол арқылы жанын рухани байытуды мұрат тұтқан жан. Ең үлкен марапаты – жұрттан алған алғысы мен жинаған абыройы. Ақыл-ойдың кемеңгерi әл-Фараби айтқандай, адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мiнез-құлыққа байланысты. Ендеше, ел алғысын арқалаған Е.Жеңсікбаевқа да Жаратқан тарту еткен жақсы мiнез бен жомарт жүрегiңнiң арқасында толағай табыстарға жете беріңіз деп тілек айтпақпыз.
Г.ЯХИЯЕВА.