Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайрат» футболшылары Данияда алғашқы жаттығуын өткізді

«Қайрат» футболшылары Данияда алғашқы жаттығуын өткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Алматылық «Қайрат» Дания астанасына барып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші туры аясында «Копенгагенге» қарсы өтетін матч алдындағы алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. Клубтың баспасөз қызметі жариялаған кадрларға қарағанда, Копенгагенде ауа температурасы нөлден төмен және дымқыл қар жауып тұр. Соған қарамастан, бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері көтеріңкі көңіл-күйде — фотосуреттерден команданың дерлік барлық негізгі ойыншыларын көруге болады. Кездесу 26 қараша күні «Паркен» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 22:45-те басталады. Төрт турдан кейін «Копенгаген» мен «Қайраттың» әрқайсысында бір-бір ұпайдан бар және олар жалпы кезең кестесінде тиісінше 33-ші және 34-орындарды иеленіп отыр. Дат клубы тек соғылған және жіберілген голдар айырмасы бойынша ғана жоғары тұр. Бұған дейін «Қайрат» сырт алаңда «Интерге» 2:1 есебімен жол берсе, «Копенгаген» қонақта «Тоттенхэмнен» 0:4 есебімен жеңілді. Сондай-ақ командамен бірге Данияға Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері де ірі спорттық іс-шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мақсатында барғаны хабарланды. 

25 қараша 2025 ж. 946 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031