Әлеуметке әр берген әрбір ісі
Сағындық Тынысбекұлы 1974 жылы Жаңақорған ауданының Сүттіқұдық ауылында дүние есігін ашқан. Қайырымдылық қағидаларын отбасында сіңіріп өскен болашақ меценат мектепте де, жоғарғы оқу орнында да бауырмалдық және мейірімділік қасиеттерімен өзгелерден ерекшеленді.
Жоғарғы оқу орнын бітіре сала елге оралған Сағындық Тынысбекұлына дайын тұрған жұмыс бола қоймады. Дегенмен, маған қызмет керек деп бәлсінбеген Сағындық Жақаев ауылында алғашқы үш жылын егін салумен өткізеді. Адал еңбектің наны қай уақытта да сіңімді болады ғой. Осылай жүргенінде кетпенін есепшотқа айырбастайтын сәт туады. Сөйтіп, 2001 жылдан бастап есепші мамандығы бойынша еңбектің тайқазанына етене араласып кетеді. Ал, араға үш жыл салып, өзінің жеке кәсібін ашуды ойластыра бастайды. Бүгінде кеңсе заттарын саудалайтын аудандағы бірден-бір дүкен «Ақсәуле» дүкенінің жұмысын алға қояды. Халықты қажетті кеңсе заттарымен қамтып қана қоймай, 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған жайы да бар. Сағындық Тынысбеков тынымсыз еңбегімен, тындырымды шаруасымен ең бастысы, елге қайырымдылығымен өз өмір соқпағында елеулі із қалдырып келе жатқан азаматтың бірі.
Өзі жұмыспен қамтыған жастарға өз білгенін үйретіп, бауырына тартып, саланың ерекшеліктерін ұқтырып, жылдар бойы жинақтаған тәжірибелерімен бөлісуге жалыққан емес. Ең бастысы, осы жолдардың кейіпкері жүрегі жұмсақ, пейілі кең, қолы ашық, қайырымды азамат. Қабағына мұз қатқан, қатыгез қоғамның тоңын жібітетін де осындай жаны жомарт азаматтар. Жүрегі жомарт жанның алдына қойған мақсат-мұраты бар. Ол қашанда болсын туған жерінің, туған елінің бір кәдесіне жарау. Бірнеше жылдан бері қайырымдылықпен айналысып келе жатқан Сағындық Тынысбекұлы балалардың бақытын еселеп, көмек қолын ұсынуда. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды да назарынан тыс қалдырмауда. Игілікті іс атқару кез-келген адамның қолынан келе бермейтін шара, оны тек адамгершілігі жоғары, рухани әлемі бай, жандүниесі таза адамдар ғана жасай алады. Ол басқаның жағдайын өз қамындай шынайы, жүрегімен қабылдап, қандай қиын болса да, шешу амалын табуға тырысады, сөзімен де, ісімен де жәрдем береді, шарапатын тигізеді. Бұл – мол байлықтың буына мас болғандардың емес, мәдениетті тұлғаларға тән қасиет. «Бір қолыңның бергенін екінші қолың білмеуі керек» деген тәмсіл бар біздің халықта. Алайда, ел азаматтарының жақсы істерін ел ішінде насихаттап, айтып отыру да жақсы істің бастамашысы болар деген ойдамыз. Сөз соңында Сағындық Тынысбекұлына айтарымыз әлеуметке әл беретін ірі істеріңіздің іргесі беки түссін демекпіз.
Дина жүсіпова.