Құрметке бөленген диқан
Аты аңызға айналған жеті әулие, Алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқай, атақты әнші-палуан Иманжүсіп, Сыр сүлейлері Бұдабай, ағайынды Мәнсүр мен Нартай, қазақ ғылымы, әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдері Әуелбек пен Қалжан Қоңыратбаев, Әбділда Тәжібаев, Шахмардан Есенов, Қалмақан Әбдіқадыров, Мырзабек Дүйсенов, Мүсілім Базарбаев және екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев бастаған 41 Еңбек Ері бұл өлкенің киелілігін білдірсе керек.
Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы республика жұртшылығына қуаныш сыйламақшы.
Сондықтан, кезінде облысқа, республикаға ғана емес, бүкіл одаққа белгілі диқан, ақ күрішпен атағы шыққан Ыбырай Жақаевтың мерейтойын өткізу арқылы еңбек ардагерін ардақтау, құрметтеу біздің парызымыз. Ыбырай атамыз бақытын еңбекпен тапқан, қаһарман еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған кемеңгер диқан. Даңқты диқан туған жер төсіне қайың кетпенімен ерлікке тән еңбек дастанын жазды. Алғаш күріш дақылын өсірудің хас шебері, ақ күріштің атасы, дала академигі атанды.
Ыбырай атаның еңбек үрдісіне сай облысымызда Жақаевшылар қозғалысы кеңінен өрістеді. Даңқты диқан атында күріштен мол өнім алған егіншілерге берілетін «Ыбырай Жақаевтың еңбек аттестаты» белгіленсе, аудан орталығынан атақты күрішші есімін иеленген республикалық мектеп ашылып, онда егіншілер теориялық білімдерін бай тәжірибемен толықтырып отырды.
Еселі еңбектері үшін әйгілі күріш өсірушіге 1949-1971 жылдары екі рет Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1946 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталса, Қаз СССР Жоғарғы кеңесіне үш мәрте, СССР Жоғарғы кеңесіне бір рет депутат болды. Сонымен қатар, Қаз СССР Жоғарғы советі президиумының мүшесі болды. 4 рет «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмелерінің алтын, күміс медальдарымен марапатталған жан.
Қазір ауданымызда оның өзі құрған бұрынғы «Қызыл Ту» колхозы, қазіргі Ыбырай Жақаев ауылы, 1 орта мектеп, 1 орталық көше, Қызылорда қаласындағы агроөнеркәсіп өндірісі инженерлік институты, облыстық емдеу сауықтыру профилакториясы Ыбырай Жақаев есімімен аталады. 1982 жылдан бері Ыбырай ата атымен күріш өсіру тарихи мұражай жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда Ыбырай Жақаев ауылында диқанға ескерткіш орнатылған. Әйгілі күріш өсіруші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевқа 1975 жылы Қызылорда қаласындағы «Еңбек даңқы» аллеясына ескерткіш қойылған. Бюст қоладан жасалып, қызыл гранитті тұғырға орнатылған.
Биылғы жылы Ыбырай атамыз 125 жасқа толып отыр. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен қатар келген мерейтой ауданымызда қазан айында кең көлемде аталып өтпек.
Еңбектен ләззат, рахат алған, үлкен жүрегі ел, жер, отан деп соққан ақиық азаматтың туған ауылынан бастап алты Алаш баласының бақыты үшін аттандамай-ақ сабырлы, салиқалы жұмыс жасап, еңбектің құдіретін өзі ғана емес, бүкіл қалың бұқараға терең сездірген, халқын сүюдің жарқын үлгісін әр жүрекке жағып кеткені тарихи ақиқат. Исі қазақтың, айта берсек, түркі тектес барша мұсылман әлемінің кемеңгер қайраткері болған, солай болып қала беретін Дінмұхаммед Қонаев айтқандай: «Сарыарқада сөз патшасы ұлы Абай, Сыр бойында дән патшасы Ыбырай» деген әділ бағасы ұрпақтан- ұрпаққа ұласатын ұлағат.
Қайрат ИСМАИЛ.