ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ ПАРЫЗ
Ұлттық болмыс пен жаһандану үдерісінің арпалысында қазақ халқының ұлттық танымына арқау болған құндылықтарды игере білу, насихаттау – азаматтық парызымыз. Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білуден басталады. Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы осыған үндейді. Бұл орайда, туған өлкенің өркендеуіне өздігінен үлес қосып жүрген кәсіпкелер де жоқ емес екені көңіл қуантады. Дегенмен, Елбасы нақтылаған аталмыш жобаны бұдан да ауқымды, жоғары деңгейде ұйымдастыра білуіміз қажет. Арамызда туған жерге, туған елге қызмет етудің бірегей жолы адал еңбек деп білетін, айналасына еңбегімен елеулі болған азаматтар аз емес. Уақыттың тапшылығынан, күйбең тірлік пен қызметтік қажеттіліктен қанша қаласа да ұзақ уақыттан бері туған өлкесіне жолы түспей жатқан ел азаматтары жетерлік. Мемлекет басшысының осы бір бағдарламасы сондай азаматтарға тамаша мүмкіндік болып тұрғандай.
Сырттағы ауыл азаматтарының абыройы – туған елдің масаттанар мақтанышы. Туған жер – әр адамның түпқазығы. Рухының бесігі. Ауыл – тамыры тереңге жайылған қазақы дәстүріміздің қаймағы, бұзылмаған ордасы. Сол алтын орданың қадірі мен қасиетін аспандатуға, асқақтатуға әр ауылдың атымтай азаматтары Елбасы саясатын берік қолдайтындарын ісімен дәлелдеуі керек. Әкеміз атын суарған, анамыз келіп су алған кіндік қанымыз тамған жер – ұлттық болмысымыз бен рухымыздың ұясы.
Бидаш СМАҒҰЛОВА,
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №1 мемлекеттік секторлық аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудиторы.