бІРЛІККЕ бАСТАҒАН ҰЖЫМ
Қандай мекеме болмасын әр қызметкердің өзіне ғана жүктелген күнделікті атқаратын шаруасы болады. Ал ұжымда татулық пен бірліктің тұрақтап қалуына барлығы бірдей жауапты.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында кенттегі «Семізбай-U» компаниясы Иіркөл кенішінің қызметкерлері мен жұмысшылары жанұясымен Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша, оңтүстік өңірде орналасқан тарихи орындарға экскурсия жасады.Таң бозарып атқаннан жолға шыққан топ Арыстан баб, Кожа Ахмет Ясауи, Сауран секілді тарихи орындарды аралап, рухани сусындап қайтты.
Көп ұзамай қасиетті Рамазан айымен қатар келген Жеңістің 74 жылдық мерекесіне орай аталған мекеменің қолдауымен «Оқшы ата» мазаратында ауызашар берілді. 150 адамға арналған ақ дастархан басында аудан басшылары мен ардагерлер елді бірлікке, ауызбіршілікке шақырып, тағылымы мол әңгіме айтылды.
Жалпы «Семізбай-U» мекемесі әрқашан жақсылықтың жаршысы болуды дәстүрге айналдырған. Қандай мереке болмасын өз деңгейінде атап өтіп, қайырымдылық шараларынан да шет қалмай келе жатқан ұжымға табыс тілейміз.
А.ДҮЙСЕНБАЙ.