ардагерлер саяхатта
Елбасы «Жалпақ жұртыңды құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» – дейді. Сондықтан болар, ауданда қарттарға қашанда қамқорлық жасалып келеді.Соның бір парасы ретінде, сәрсенбінің сәтті күнінде аудан әкімдігінің қолдауымен, «Шиелі ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өңірдің өркендеуіне үлес қосқан 40 ардагер тарихи маңызы бар орындарға саяхат шекті.
Түркістан, ежелгі Сығанақ, Сунақ ата, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенелерін бетке алған бір топ жолаушы таңертең аудан орталығынан автобуспен аттанып кетті. Ардагерлер іргетасы ежелден қаланған Түркістан қаласында болып, Қ.Ясауи кесенесін аралады. Сонымен қатар, түркі мұсылман жұрты үшін екінші Мекке атанған киелі орында суретке түсіп, көне жәдігерлермен танысты.
Тарихи орындарды аралаған ардагерлер рухани мағлұмат алып, туған өлкеге саяхат жасау арқылы айрықша әсерге бөлініп, марқайып қалды. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған шара аудан қарттарына игі бастама болды. Тарихи орындарды аралап келген қариялар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Сапарлас болған замандастар өткен-кеткенді айтып, әңгіме-дүкен құрып, шүйіркелесіп, осы бағыттағы бастамалардың мұнымен тоқтап қалмайтынына сенім білдіріп, тарқасты.
Ж.Қауғанбаева.