Туған жерге тағзым ету парыз
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басым бағыттардың бірі – «Туған жер» бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама аясында Ақмая ауылындағы №49 орта мектебінде «Киелі мекен – Шиелім» атты «Жас Ұлан» ұйымымен бірлесіп ұйымдасқан іс-шара өтті.
Мемлекет басшысы «Жалпақ жұртыңды құрметтеу – туған өлкеңнің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деп айтқандай, еліміздің бүгіні мен болашағына көз жіберу уақыт талабы. Әр оқушыны туған жерін, елін сүюге, оның қадір қасиетін арттыра түсуге, рухани мәнін терең тани түсуіне баулитын 9, 10, 11-сыныптар арасында ашық сабақ өтті. Аталған шараға Ақмая ауылының әкімі Ж.Арысланов, ардагерлер кеңесінің төрайымы Р.Нұрымбетходжаева және ауыл ақсақалы Т.Жүсіпов, №49 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Абдрахманов қатысты.
Шарада Шиелі ауданының құрылғанына 90 жыл, Ақмая ауылына 80 жыл толуына орай оқушылар арасында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жерлестеріміздің жеткен жетістіктері сөз етілді. Сонымен қатар, Елбасының «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» – деген кемел ойын келешек ұрпаққа насихаттау барысында Шиелінің тарихынан сыр шертілді.
Сәуле Сұлтанова,
№49 орта мектебінің тәлімгері.