Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Менің мақтан тұтар мекенім»

«Менің мақтан тұтар мекенім»

Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі №11 мектеп-лицейде Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Қызылорда облысының 80 жылдығына орай «Менің мақтан тұтар мекенім» атты шара өтті.
Оған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай, университет доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Айтжан Оразбақов құрметті қонақ ретінде қатысты. Олар Сыр елінің бас шаһарының арғы-бергі тарихы туралы айтып, балаларды туған жерін сүюге және қастерлеуге шақырды.
Елбасы атап көрсеткендей, жалпы халықты, Алаш жұртын құрметтеу, алдымен, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады. Осы тұрғыдан алғанда Қызылорда қаласының сан ғасырлық тарихын зерттеудің қазіргі ұрпақ үшін тәлімі мен мән-маңызы өте зор.
Ашық тәрбие сағатында оқушылар өздерінің және белгілі ақындардың шығармашылығынан өлеңдер оқып, әндер орындады.
19 ақпан 2018 ж. 2 079 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930