Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ театры Ұлыбританияда өнер көрсетеді

Қазақ театры Ұлыбританияда өнер көрсетеді

Сондай-ақ, биыл облыстық филармонияның өнерпаздары Ресей Федерациясы Татарстан Республикасына гастрольдік сапармен барады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Астаналар фестивалі» атты Қазақ елінің астаналары театрларының (Қызылорда, Алматы, Астана, Түркістан, Орынбор) фестивалі өткізіледі. Сонымен қатар, «Парасатты поэзия» халықаралық фестивалін Қорқыт ата мемориалдық кешенінде өткізу жоспарлануда. Түркі әлемінің абызы Қорқыт баба мұраларын насихаттау мақсатында қобызшылардың «Қорқыт.Қобыз» атты республикалық конкурсы да ұйымдастырылмақ. «Сыр сұлуы» атты ретро фестивалі, белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік алғашқы Әнұранының авторларының бірі – Жадыра Дәрібаеваның, Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» Самұрат Имандосовтың және жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуы, Қызылорда медицина колледжінің 90 жылдығына орай мерейтойлары тойланады.
Мерекелі жылдың жоспарымен бөліскен облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов: «Мәселен, Астана қаласының 20 жылдығына арнап, Астана қаласында зымыран-ғарыштық техникасы музейінің ашық экспозициясы пайдалануға беріледі. «Тұңғыш Астанадан – Елордамыз Астанаға!» атты өнерпаздар керуені өнер көрсетеді. Сонымен қатар, шыны зауытының алғашқы өнімдері де Астана мерейтойына тарту ретінде шығарылады. «Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастырылуы да жоспарланып отыр», – деді.
Айта кетейік, жерлесіміз танымал әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтің бюсті орнатылып, «Отан Ана» атты республикалық әншілер конкурсын ұйымдастыру да жоспарда бар. 200 жылдық тарихы бар Қызылорда қаласының мерейтойы қарсаңында түрлі іс-шаралар өткізіліп, қала тарихынан ақпар беретін мол мұралармен қанығатын боламыз.

Гүлнәр Дүйсебаева.
27 қаңтар 2018 ж. 1 224 0