Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әріптестік аясы нығаймақ

Әріптестік аясы нығаймақ


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне Германиядағы Отто-фон-Герике атындағы Магдебург университетінің делегациясы арнайы іссапармен келді. Ресми делегация құрамында Отто-фон-Герике атындағы Магдебург университетінің кәсіптік-техникалық білім беру департаментінің халықаралық ынтымақтастық бойынша үйлестірушісі Кай Гляйсснер, Магдебургтегі WMU өндірістік және экологиялық технологиясы бойынша жылу өңдеу жүйесі бойынша компания қызметкері Анико Мертен бар. Олар алдымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мұражайымен танысты. Содан соң делегация университеттің оқытушы-профессорларымен кездесіп, өзара пікір бөлісті.
Қорытындысында Отто-фон-Герике атындағы Магдебург университеті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлесіп жаңа жобаларды жүзеге асырып, әріптестік-ынтымақтастық байланысты нығайтуға ниетті екендіктерін жеткізді.
19 қаңтар 2018 ж. 1 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031