Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбегі ерен есепші

Еңбегі ерен есепші

Елімізде маңызды салаларда біліктілік пен білімді ұштастырып, елеулі еңбек етіп жүрген нәзікжандылар өте көп. Солардың бірі – бүгін біз әңгімемізге арқау еткелі отырған Айжан Қайырбекова.
А.Қайырбекова – қазіргі таңда «Шиелі-Энергосервис» ЖШС-нің бас есепшісі. Өз жұмысын 1990 жылы материалдық техникалық жабдықтау базасында экономист болып бастаған. Қазіргі таңда оның ұжым мен халық алдында абыройы асқақ. Әрине, ол мұндай биік белесті бірден бағындырған жоқ. Әр жетістігінің астарында төгілген тер мен ерен еңбек жатыр. Сонымен қатар өз ісіне деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік те маңызды рөл атқарады.
Бүгінде Айжан Қайырбекованың түрлі марапат биігінен көрініп, көпке сыйлы болуы мамандық майданында жеңіске жеткенін айғақтайды. Яғни ол бүгінге дейін кәсіби біліктілігі және саланың дамуына үлес қосқаны үшін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының «Құрмет» грамотасымен, атом саласы қызметкерлері кәсіби мерекеге байланысты «Қазатомпром-Демеу» ЖШС-ның «Құрмет» грамотасымен, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
09 наурыз 2020 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031