Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кеншілер 35 жылдық белесті бағындырды

Кеншілер 35 жылдық белесті бағындырды



Өңіріміздің жетекші уран өндіруші кәсіпорындарының бірі – «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының» «РУ-6» ЖШС (Бас директоры Жандос Садырбаев) 35 жылдығына орай Шиелі ауданында салтанатты іс-шаралар болып өтті.
«Көкшоқыдағы» Шиелі спорт клубының ойын алаңдарында мерекеге орай кіші футбол мен волейболдан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясына қарасты «РУ-6», «ТТК-Шиелі» «Волковгеология ГРЭ-23», «СКЗ-U», «Семізбай-U», «Байкен-U», «Қызылқұм» мекемелерінің спортшылары арасында тартысты жарыстарды жанкүйер қауым аса бір ықыласпен тамашалады.
Нәтижесінде кіші футболдан үшінші орынды Волковгеология ГРЭ-23 командасы, екінші орын «Семізбай-U» ал бірінші орынды жарысты ұйымдастырушы команда «РУ-6» иеленді.
Волейбол додасында жеңіс тұғырына Жаңақорған ауданында орналасқан кәсіпорындардың спортшылары көтерілді. Атап айтсақ, «СКЗ-U» үшінші, «Қызылкұм» екінші, «Байкен-U» бірінші орынды қанжығалады.
Мереке өз жалғасын Бұдабай атындағы аудандық мәдениет үйінде тапты. Кеншілерді айтулы белеспен аудан әкімі Әшім Оразбекұлы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының өндіріс жөніндегі бас директоры Марат Ниетбаев, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының» бизнесті қамтамасыз етудің бас директоры Біржан Дүйсембеков, «РУ-6» ЖШС бас директоры Жандос Садырбаев құттықтап жүрекжарды тілектерін жеткізіп, еңбек озаттары мен спорттық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
Мазмұнды да, қызықты іс-шара өңірдің үздік көркемөнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.
М.ИБРАШЕВ.
15 мамыр 2018 ж. 2 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031