Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нәзік жандылар бақ сынады

Нәзік жандылар бақ сынады


Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен нәзік жандылар құрметіне өткен аптаның сенбі күні аудандық спорт мектебінде волейболдан турнир өткізілді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған жарысты аудан әкімі Әшім Оразбекұлы құттықтау сөзімен ашып берсе, «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры А.Әбибуллаева турнирге қатысушыларға ақ тілегін арнады.

Мұнан соң дөңгеленген допты дөптеген нүктесіне бағыттап, қарсыласының осал тұсын таба білгендер жеңіске жетіп жатты. Сайыстың қорытындысы бойынша, І орынды №219 мектеп, ІІ орынды №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы, ІІІ орынды №181 мектеп командалары иеленді. Жарысқа қатысқан 11 команданың ішінен жеңімпаз атанғандар аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар, дәл осы күні Шиелі ауданы­ның 90 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру – болашаққа жарқын жол» атты ұранымен 2006-2007 жылы туылған оқушылар арасында шағын футболдан аудандық біріншіліктің ақтық ойындары өтті. Бұл турнир 10 ақпанда басталған болатын. Жарысқа 36 мектептен ат терлетіп келген командалар жеңістің биігіне көтерілу үшін барын салды. Жарыс 3 аймақ бойынша өтті. І аймақ 10 ақпан күні, ІІ аймақ 17 ақпан күні, ІІІ аймақ 23 ақпан күні өткізілді. Ақтық ойынға 9 команда іріктеліп, 3 наурыз күні Шиелі аудандық спорт клубында жеңімпаздар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды №127 мектеп, ІІ орынды №48 мектеп, ІІІ орынды №181 мектеп командалары иеленді.

Е.ДАТКЕНОВ.
Сурет автордікі.

08 наурыз 2018 ж. 2 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930