Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шойынжолда шыңдалған

Шойынжолда шыңдалған


Еліміздің көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы әрі көлік инфрақұрылымдағы басты буын саналатын теміржол саласы экономикамыздың дамуына ерекше үлес қосып келеді. Сонымен қатар, әр аймақтағы бекеттер жолаушылардың назарын өзіне аудартып, сол қала немесе аудан туралы пікір қалыптастырады. Ал, осындай маңызды салада уақытпен санаспай, біліктілік пен білімді ұштастырып, елеулі еңбек етіп келе жатқан қызметкерлердің орны бір төбе.

Солардың бірі – бүгін біз әңгімемізге арқау еткелі отырған Гүлжанат Палманова. Ол – Шиелі станциясы бастығының кезекші көмекшісі. Өз жұмысын анықтама беру жөніндегі кеңесші болып 2001 жылы бастаған Г.Есмаханқызының қазіргі күні ұжым мен халық алдында абыройы асқақ. Әрине, ол мұндай биік белесті бірден бағындырған жоқ. Әр жетістігінің астарында төгілген тер мен ерен еңбек жатыр. Сонымен қатар, өз ісіне деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік те маңызды рөл атқарады.
Тірлігін теміржолмен біте қайнастыра білген Гүлжанат Есмаханқызы өзінің атқарып отырған жұмысын екінші отбасындай, ал әріптестерін ет жақындарындай қабылдайды. Бекетте аялдаған жолаушыларды да жылы шыраймен қарсы алып, олардың жолдағы қауіпсіз қозғалысын қолдан келгенше қамтамасыз еткісі келеді. Оны: «Домбыраның қос ішегіндей тартылған теміржол бүкіл Қазақ­станмен байланысып жатыр. Бұл дегеніміз – Шиелі ауданын күллі жолаушы біледі, көреді деген сөз. Осы орайда, біз аудан туралы жақсы ой қалдырғымыз келеді. Көпшілік қауым ауданның орталығына аяқ баспай-ақ, вокзалға қарап пікір қалыптастыратын болғандықтан тазалықты, қауіпсіздік пен әдемілікті қатаң қадағалаймыз» – деген сөзінен аңғаруға болады.
Болат жолдың бойында құрыш білекпен қызмет етуге бала кезінен қызыққан Гүлжанат Палманова отбасында аяулы жар, ардақты ана. Аялы алақанымен баптап өсірген 3 перзентіне адал еңбегі мен жүріп өткен сара жолдары арқылы үлгі. Олардың бұғанасы қатып, қанатын қомдап, биікке шарықтағаны өзіне шабыт береді. Тұңғыш сәби дүниеге келіп, бесіктен белі шықпай жатқанда-ақ жұмысқа кіріскен. Ол қазір сол сәттердегі қиыншылықтарды еңсергеніне жанұясының жәрдем бергенін еске алып отырады.
– Вокзал қызметі болғандық­тан, көп пойыздар түнгі ауысымда жүретін. Біздің жұмысымызда сол кезде қыза түседі. Түнгі ауысымға барғанда көз шырымын алмастан, тырп етпестен еңбек етеміз. Мен тұрмысқа шығып, тұңғышымды дүниеге әкелгенде осы тұрғысынан сәл қиналдым. Баланы тастап түнгі ауысымға шығу мен үшін уайым болды. Бірақ, ата-анам, қайын жұртым көмектесіп жұмыс пен жанұяны қатар алып жүре алдым. Қазір Құдайға шүкір балаларым есейіп, сол сәттегі қиыншылықтарды естен шығардық, – дейді теміржолшы ана.
Гүлжанат Есмаханқызының теміржол саласына деген қызығу­шылығы алдындағы әпкесі Мария Палмановаға қарап оянған. Әпкесінің қатал тәртіпті талап ететін жұмысын ерекше сүйетінін, үстіне құйып құйғандай жараса қалатын формасын көріп өзі де теміржолдың тіршілігімен тыныстауды армандағанын жасырмады. Бүгінде қызмет бабымен биіктерді бағындырып жатса, ол өзіне ғана емес, әпкесіне де абырой әкелетінін жақсы біледі. Сол үшін теміржолда тапжылмай еңбек етуге бар.

М.БОЛАТҚЫЗЫ.
07 наурыз 2019 ж. 1 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031