Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ

ШИЕЛІ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ



«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, зерделеуге айрықша маңыз бергені белгілі. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып, қасиетті орындар, жәдігер ескерткіштер анықталды. Облыс бойынша 12 ескерткіш жалпыұлттық, 35 ескерткіш өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілді.

Шиелі ауданында тарихи-мәдени ескерткіштер мен ғимараттар аз емес. Мұнда жалпы жұртшылыққа танымал орындармен бірге тарихи дәуірі, сондай-ақ, атқарған қызметіне байланысты маңызды ғимараттар да бар. Солардың бірі – Шиелі теміржол вокзалы ғимараты.
Шиеліден шыққан талай тұлғалардың алғашқы сапарының куәсі болған Шиелі теміржол вокзалы ғимаратының танымалдылығы жоғары. Бұл құрылыс кешені жолаушыларға қызмет көрсетуге және пойыз қозғалысын басқаруға арналған ғимарат. Қазақстанда теміржол вокзалы алғаш рет Қазан төңкерісіне дейін Орал, Қызылжар (Петропавл), Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қалалары мен Қазалыда пайда болады. Шиеліде темір жол вокзалы ғимараты 1903 жылы салынған. Оның жалпы алаңы – 7 580 ш/м. Құрылыс алаңы – 896,9 ш/м. Ғимарат құрылысы – 637,2 ш/м. құрайды.
Архитектуралық ескерткіштердің бірі саналатын Шиелі теміржол вокзалы ғимарат туралы мұрағат деректері быйлай дейді: 1903-1904 жылдары «Ташкент-Орынбор» теміржол құрылысы жүргізілген кезде іргетасы қаланған. Вокзалдың іргесі Ақирек тауынан (Арал ауданында) қашалып, түйе керуенімен осында тасылған. Шақпақ тастардан нөмірленіп салынған. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланып, төбесі қаңылтырмен жабылған.
Шиелі станциясы жүк тасымалы жағынан 2 класстық станция болып есептелінсе, ал атқарылатын жұмыстарына сәйкес 3 класстық вокзал санатына енеді. Мұнда күнделікті уақытта шамамен 200-дей жолаушыға қызмет көрсетіп, күтіп алып, шығарып салады. Аудан халқын асыраған теміржол вокзалынан талай адам сапарға шығып, діттеген жеріне жетіп отырған. Вокзалдан Қазақстанның түкпір түкпіріне күріш, қауын-қарбыз, және т.б жүк вагондарына тиеп жіберіліп отырады.
Қазақстан теміржолының тарихы вокзалдан басталған десек артық айтпаған болар едік. Вокзал ғимараты биік те сәнді етіп салынған. Сондықтан ауданға қонаққа келгендер оның сәулетіне қызығып жатады.
Бүгінде аудан тұрғындары ғасырдан астам тарихы бар ғимаратымен мақтанады. Айта кетейік, 1928 жылы республикада алғашқылардың бірі болып Шиелі ауданы құрылған болатын.

18 тамыз 2018 ж. 1 776 0

Соңғы жаңалықтар

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

11 желтоқсан 2023 ж.
Ата басылымды  үзбей оқимын

Ата басылымды үзбей оқимын

11 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

11 желтоқсан 2023 ж.

Ата басылымды үзбей оқимын

11 желтоқсан 2023 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам