Дәрігер мерейі
Кез келген елдің ең басты байлығы – халықтың денсаулығы. Сондықтан да, денсаулық сақтау саласының жағдайы қашанда Елбасының ерекше назарында болған. Халқымыздың “Алғашқы байлық – денсаулық” деген дана сөзінің өзі осыған кепіл болмақ. Ақ халатына дақ түсірмей, көпшіліктің ықыласына ие болып жүрген денсаулық сақтау саласында қызмет етіп келе жатқан ауданның хирург дәрігері Бахытбек Жамантаев. Ол – өзінің дәрігерлік еңбек жолында қаншама жанды ажал аузынан арашалап, халықтың құрметіне бөленіп жүрген майталман маман.
Қазіргі таңда, басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Сондайда алдымен Алладан, онан кейін ақ халаттылардан дертімізге дауа сұрайтынымыз анық. Талай жанды сырқатынан сауықтырып, ауруына ем дарытып, елдің алғысына бөленіп жүрген абзал жандар қашан да ел абыройы. Өзінің біліктілігімен, білімімен мыңдаған жанға өмір сыйлаған сондай мамандарды ел ішінде «алтын қолды дәрігер» деп дәріптеп, құрмет-қошеметке бөлеп, ілтипаттарын білдіріп жатады. Өз өмірін маңызды және пайдалы іске арнаған адам нағыз батыр десек, артық айтпаймыз. Еңбек етпей, бақытты өмір сүру мүмкін емес. Ал, жаның сүйетін іс өзгелерге пайдалы болса, одан асқан пенделік бақыт жоқ шығар. Батылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру – барлық дәрігерлерге тән қасиет. Осындай жанның бірі – Бахытбек Жамантаев алғаш еңбек жолын, 1996 жылы аудандық емханада хирург-эндоскопист дәрігері қызметінен бастаған. 2011 жылдан бері қарай, ауданның орталық ауруханасында хирургия бөлімінде меңгеруші қызметін атқарып келеді. Ісіне деген адалдығымен, жауапкершілігімен және еңбекқорлығымен үлкен беделді иеленіп жүрген маман иесі. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, атсалысып, жастарға үлгі болып белсенділігін қай орта да болсада көрсете білген адал жан. Атап айтқанда, 2015 жылы «Жылдың үздік дәрігері» номинациясымен марапатталып, науқастың жазылып шығуына ықпал жасап, ықыласын төгіп жүрген мейірімді жан. Сондықтан болар, көп жылғы еңбегі үшін, емделушілерге дер кезінде көмек көрсетіп, біліктілігінің арқасында қолдан келгенін аянған емес. Жиырма жылдан аса еңбек өтілімі барысында, талмай ізденіп, түрлі аурулардың алдын алып, медициналық көмек көрсетіп келеді.
Осы орай да, Бахытбек Мырзабекұлы «Еңбек жолы» республикалық байқауына ауданнан іріктеуден өтіп, облыстан озық шығып, жолдама алды. Бұл байқаудың мақсаты – еңбек адамына құрмет көрсетіп, жастарға үлгі ету. Оларды оң жолға сілтеу. Негізгі идея Елбасының «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласындағы міндеттермен де үндесіп, осы бағытта жұмыстар атқарып келеді. Әлемдік қауымдастықтағы кез келген мықты мемлекет еңбекпен еңсе тіктеген. Ал, әлеуеті әлжуаз елдерді іштен күйреткен, ол – жұмыссыздық, бойкүйездік екені анық. Байқау дамудың басты шарттарын осымен байланыстырып, түсіндіреді. Сол себепті, Қазақстан үшін қазір еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру – басты назарда. Еңбек адамдарының жеткен жетістіктерін насихаттап, олар жайында жағымды пiкiр қалыптастыру да – бүгінгі күннің өзектісі. «Еңбек жолы» байқауына еңбек екпінділері мына аталым бойынша «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгерімен» марапатталады. Аталған байқауға «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясымен аудан атынан қатысып отырған жерлесіміз Б.Жамантаевқа сәттілік тілейміз.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.