Ауданда жас дәрігерлер саны артуда
Қазіргі уақытта білікті дәрігерлердің жетіспеушілігі еліміздің барлық өңірлерінде өте өзекті және түйткілді мәселеге айналып отыр. Медицина саласын ілгерілету үшін қолға алынған шаралар легі де аз емес. Еліміздің денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы мөлшері де жылдан жылға артуда.
Кез келген мемлекет дамуының негізгі көрсеткіші дені сау және білімді халық болып табылады. Қазақ елі де осы бағытта жұмыс жасап, азаматтардың денсаулығы мен білім деңгейін көтеруге ерекше назар қойып келеді. Еліміз егемендік алғаннан бері денсаулық саласын дамыту үшін біршама жобаларды жүзеге асырып, медицина саласында оң өзгерістерге қол жеткізгені белгілі. Десек те, отандық денсаулық сақтау саласында әлі де күрмеуі шешілмеген мәселелер баршылық. Атап айтсақ, салада білікті мамандардың жетіспеуі, сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесі әзірше бір жүйеге түспей тұр. Мұның сыры неде? Мәселен, біздегі медициналық мекемелердің 80 пайызға жуығы мемлекет қарамағында. Бәлкім, медицинасы дамыған елдердегідей бізге де бұл саланың басым бөлігін жекеге беру керек шығар. Сонда өзара бәсекелестік артып, медициналық қызмет көрсету мәдениеті дамып, елде білікті мамандар көбейер.
Жалпы, мемлекеттің медицинаға көрсетіп жатқан қолдауы орасан зор. Бір ғана «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2009-2017 жылдар аралығында медицина саласы бойынша ауданда 186 маман тіркеліп, жұмысқа қабылданған. Ал, бүгінгі таңда аудандағы дәл осы салада 200-ге жуық жас маман қызмет етсе, соның 29-ы былтырғы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқандар. Бұл дегеніміз мемлекет осыншама жас дәрігерді жұмыспен қамтып, баспана беріп жатыр деген сөз.
2017 жылы орналасқан мамандардың 11 отбасылық дәрігерлік қызмет, 2 акушер-гинеколог, 2 реаниматолог, 2 инфекционист, 2 хирург, 1 балалар стоматологы, 1 статист маманы қабылданған. Сонымен қатар, денсаулық саласына келген жас мамандарды қайта даярлық курстарында оқытып, білімін жетілдіруде. Атап айтқанда, 8 медицина маманы отбасылық дәрігерлік қызметі бойынша білімін жетілдіріп келсе, 1 акушер-гинеколог, 2 реаниматолог мамандары да осы тұрғыда білімін шыңдады.
Десек те, ауданда денсаулық саласы бойынша онколог, рентгенолог, неонатолог мамандары тапшы екенін байқадық. Осы ретте, аталған мамандықтардың өңірде болуын ауданның бас дәрігері назарға алса, мүмкін жоғарғы оқу орындарына ұсыныс беріп, осы маман иелеріне сұраныс жіберсе, немесе жас мамандарды жұмысқа тартудың тиімді жолдарын қарастырса, нұр үстіне нұр болар еді.
Жұлдызай
Ноғайбайқызы.