Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер арасында Еріктілер науқаны өткізілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында Еріктілер науқаны өткізілді

Қазақтың қанында бар қасиет ұрпақтың жадынан ешқашан өшпейді. Қолда барымен бөлісу, өзгеге көмектесу де адамшылықтың, кісіліктің көрінісі.Әрине, сауапты іспен айналысу дұрыс нәрсе. Тіпті, бүгінгідей сәтте көмекке зәру жандар көп. Сондықтан да, өңірде мемлекеттік қызметшілерді жақсы іске тарту, сол арқылы ұлттың болмысында ғасырлар бойы қалыптасқан қайырымдылық қасиеттерін насихаттау мақсатында бүгінде департамент тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 2025 жылдың 15 қарашасында «Таза Қазақстан» республикалық шарасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  ерікті студенттері мен жас мемлекеттік қызметшілер бірлескенэкологиялық акция өткізіп,қаладағы ботаникалық саябақ аумағын қоқыстан тазартты.
    Шараның мақсаты-қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанаршылық таныту және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Акция барысында қатысушылар тарапынан пластик, тұрмыстық қалдықтар және түрлі қоқыс түрлерін сұрыптап жиналып, экологиялық жауапкершілікті насихаттап, демалушыларға тазалықты сақтау бойынша үндеу жасады.
     Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері жастардың белсенділігі мен үлесін ерекше атап өтіп, осындай шаралардың қоғамға үлкен пайда әкелетінін жеткізді.
Бұдан бөлек, өңірдегі барлық қала және аудандардың әкімдіктер тарапынан еріктілерді тарта отырып, экологиялық акцияларға қатыстырып, ардагерлерге көмек көрсету шараларды ұйымдастырылды.
Мысалы, Қызылорда қаласының әкімдігімен 2025 жылдың қазан-қараша айларының аралығында волонтерлердің (еріктілер) қатысуымен «Таза ел – жарқын болашақ: жастардың экологиялық мәдениеті» кездесу жиыны және «Ардагерге құрмет» акциясы шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар,қала жастарының қатысумен тұрақты сенбілік жұмыстары өткізіліп келеді. 
Жаңақорған ауданының әкімдікпен 2025 жылдың қазан–қараша айларында Хорасан ата кесенесі аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Еріктілер мен ауыл жастарының қатысуымен кесене айналасын қоқыстан тазарту, абаттандыру шаралары ұйымдастырылды.
Ардагерлер үйіне бару және қолғабыс көрсету акциясы өтті.
Еріктілер ардагерлерге қажетті көмек көрсетіп, тұрмыстық және әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырды.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды. Аудан жастары табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында ағаш отырғызу, қоқыс жинау және экологиялық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.https://www.facebook.com/share/r/14U9coH4318/?mibextid=wwXIfr
25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы өткізілді. Әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға азық-түлік және қажетті заттар табысталды.
          Арал ауданының әкімдікпен 2025 жылдың 15 қазанында «Волонтерлік — ізгілікке қадам» атты волонтерлік қозғалысқа кіріспе сабағы өтті.
          Сабақ барысында жастар волонтерлік қызмет туралы нақты мағлұмат алып, түсініктерін кеңейтті. Волонтерлік — бұл кез келген ортада жүректен шыққан қайырымды істердің ортақ тілі. Ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды жақсылық жасауға біріктіретін үлкен жүрек қозғалысы. «Волонтер» деген ұғым мейірімділік пен жанашырлықтың бүкіл әлемге ортақ белгісі болып табылады.
          Кездесу барысында болашақ волонтерлер Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Волонтерлік қызмет туралы» Заңымен, волонтерліктің негізгі үш қағидасымен және бағыттарымен танысты. Сондай-ақ, қазіргі қоғамда жиі кездесетін қате түсініктерді талқылай отырып, волонтерлікке не жатпайтынын анықтады. Сонымен бірге, қатысушылар волонтерліктің қоғамдағы рөлін айқындап, оның негізгі құқықтық негіздерімен де танысты.
          Сабақтың келесі бөлімінде жас ұлан көшбасшылары эмоциялық интеллектті дамытуға арналған қызықты жаттығулар орындап, бір-бірімен жылы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды. Олар өз эмоцияларын басқаруды және өзгелердің сезімін түсінуді үйренді.
          Ал, «Арманымызды ұшырайық» атты шығармашылық ойында әр қатысушы өз арманын қағаз ұшаққа жазып, биікке ұшырды. Бұл әрекет еріктіліктің басты мақсаты — ізгі ниет пен биік арманды бейнеледі.
Мұндай үлгі тұтарлық игі шараның басты шарты – жас­тар тәрбиесінде атқарылып жатқан жұмысты жандандыру, елімізде салауатты өмір салтын жақсарта түсуге үлес қосу болып табылады. Алдағы уақытта осындай науқандар жалғасын тауып, мемлекеттік қызметшілер еріктілер ісіне өз үлестерін қоса беретін болады.

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет   істер
агенттігінің Қызылорда облысы                  
бойынша департаментінің            
мемлекеттік қызмет           
саласындағы бақылау                                                                                
басқармасының басшысы
                                                                  
Т.Нуртаев
04 желтоқсан 2025 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031