Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас бостандығынан айыру орындарымен таныстыру науқаны ұйымдастырылуда

Бас бостандығынан айыру орындарымен таныстыру науқаны ұйымдастырылуда

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында, барлық мемлекеттік қызметшілерді бас бостандығынан айыру орындарына бару, таныстыру науқаны ұйымдастырылуда.
Осыған орай,бүгін яғни ағымдағы жылдың 14 ақпанында облыстық білім басқармасының қызметкерлері мен білім басқармасына қарасты облыстық білім беру ұйымдарының басшылары бас бостандығынан айыру мекемесіне барды.
Атап айтқанда, Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің ЗК – 169/1 мекемесінің тергеу изоляторының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан азаматтардыңкүн тәртібімен таныстырып, аталған изолятордың ғимаратын аралатып, тұрмыс жағдайын көрсетті.
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болып табылады.

14 ақпан 2020 ж. 938 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031