Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметкерлерді түзету мекемесіндегі жағдайларымен таныстыру жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызметкерлерді түзету мекемесіндегі жағдайларымен таныстыру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен,облыс бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментімен бірлесіп облыстық мекемелер үйіндегі басшылық және атқарушылық тараптағы мемлекеттік қызметкерлерді түзету мекемесіндегі жағдайларымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілероблыс бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің  ЗК – 169/1 мекемесінің тергеу изоляторына барды. Жалпы мекеме жұмысының қызметімен 35 аса мемлекеттік қызметші танысты.
ЗК – 169/1 мекемесінің бастығы әділет подполковнигіАлмат  Тасқараевоблыстық мекемелер үйінің қызметкерлерінқазіргі таңдағы изолятордың жұмыс барысымен таныстырды.
Шара соңында департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Нұғман Жақұдаев шараға қатысушыларға «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңына» енгізілген өзгерістер туралы қысқаша хабарлама жасады.
27 қаңтар 2020 ж. 703 0