ТАБИҒИ УРАНДЫ ӨНДІРУШІЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
«Парасыз болашаққа. Бірге!» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топпен «Байкен - U» ЖШС-нің «Хорасан - 2» кен орнындағы еңбек ұжымымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б. Байхожаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы мемлекеттік саясатының басымды бағыттарына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегияның мақсаттары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау шараларына тоқталды және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің зардаптарын түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, Агенттіктің бастамасымен қолға алынып жатқан «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы туралы кеңінен түсіндірме берілді.
Кездесу қорытындысымен департамент басшысының орынбасары Б. Байхожаев қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға шақырды.
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН.