Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық көліктік бақылау инспекциясында кездесу өтті

Облыстық көліктік бақылау инспекциясында кездесу өтті



ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) сыбайлас жемқорлық қарсы саясат департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ.Әбілдаев пен сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Сәлімжан облыстық көліктік бақылау инспекциясының ұжымымен кездесті.
Кездесуде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша хабарламалар жасалды.
Кездесу барысында "Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары" нұсқаулығы (Покетбук) барлық қызметкерлерге таратылды. Нұсқаулық бойынша басқарма басшысы Қ.Әбілдаев толығырақ таныстырып өтті.
Бас маман А.Сәлімжан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегияның мақсаттары мен міндеттерін, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау шараларына тоқталып, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің зардаптарын түсіндіріп өтті. 
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барлық мемлекеттік органдарда, басты міндеттердің бірі болып табылатыны және әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністері үшін жазаны бұлтартпау туралы есте сақтауға борышты екені жөнінде айтылып өтілді.
Сондай-ақ, қоғамдық бақылау картасы жобасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық баяндама туралы айтылып, қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН.
04 маусым 2018 ж. 1 777 0