КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ШИЕЛІ АУДАНЫНДА
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің көшпелі отырысы Шиелі ауданында өткізілді.
Аталған кездесуге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Байхожаев Берікбол Ұзақұлы, Мемлекеттік қызмет істері басқармасының басшысы Сарымбетов Еркебұлан Әділбайұлы, Мемлекеттік қызмет істері саласындағы бақылау басқармасының басшысы Әбілдаев Қуаныш Әділбайұлы, Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Байқуатова Марал Жұмабекқызы, сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Изкенов Бағдат Оразбекұлы және Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ідірісов Бақытжан Жеткерұлы қатысты.
Ауданда ұйымдастырылған көшпелі отырыста мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша аудан әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылатын мақсаттары мен міндеттері қаралды.
Сонымен бірге, азаматтар үшін жеке қабылдау шаралары ұйымдастырылды.