Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілердің қан тапсыру бастамасы

Мемлекеттік қызметшілердің қан тапсыру бастамасы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті аймақтағы барлық мемлекеттік қызметшілерді қан тапсыру акциясына қатысуға шақыруда.Акция Агенттіктің #Игіістеруақыты бастамасы аясында өткізілуде.
Облыстық қан орталығының мәліметіне сәйкес қазіргі таңда аймақта қан тапшылығы бар. Тұрақты донорларға деген сұраныс өте жоғары. Орталық мамандарының айтуынша, тұрғындар арасынан орталыққа өз еріктерімен келіп, қан тапсыратын донорлар бар. Дегенмен күн суытқалы бері олардың да саны азайған.
Осыған орай,облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметкерлер арасында бастама көтеріп отыр. Өзге әріптестеріне үлгі ретінде департамент басшысы қызметкерлермен бірге қан орталығында қан тапсырды. Акцияға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының қызметкерлері де атсалысты.
"Биылғы жылды Мемлекет басшысы "Еріктілер жылы" деп жариялауына орай осындай бастама көтеріп отырмыз. Бастаманың мақсаты -  облыстағы барлық мемлекеттік қызметшілерді ерікті қан доноры болуға шақыру. Сол арқылы халық арасында донорлықты насихаттау. Қан тапсыру әрбір адамның қолынан келетін іс. Қиналған жандардың өміріне үміт сыйлайтын игілікті бастамаға әріптестеріміз барынша қолдау білдіреді деп сенемін", - деді департаменттің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев.
20 қараша 2020 ж. 721 0