Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Игі істер уақыты: Сырбойылық мемлекеттік қызметшілер еріктілер қызметін дамытуға атсалысады

Игі істер уақыты: Сырбойылық мемлекеттік қызметшілер еріктілер қызметін дамытуға атсалысады

Биылғы жылҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Еріктілер жылы деп жарияланды. Бұл бастама елімізде жаппай қолдауға ие болды. Жер-жерде түрлі игілікті іс-шаралар жасалуда.
Осындай игілікті іс-шараларға сырбойылықтар да өз үлестерін қосуда.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы ұжымдары #Игіістеруақыты бастамасымен төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарына атсалысты.
Ешкімге жасырын емес, әр жыл сайын қыс-көктем айларында Сырдария өзенінің бойындағы кейбір елді-мекендердісу басу қауіп төнеді. Осындай табиғи апаттың алдын алу мақсатында Департамент пен Филиал қызметкерлері Қызылорда қаласыныңтұсындағы дарияның бойындағы қауіпті болып саналатын 5 аумақтың бірінде жағалау нығайту жұмыстарына көмектесті.Кеңсе қызметкерлері қаптарға топырақ толтырып, олардан бөгет жасады.Жұмыстардың барысына төтенше жағдайлар саласының мамандары жетекшілік етті.
«Волонтерлік бізге жат емес. Халқымызда ата-бабамыздан келе жатқан асар жасау, жылу жинау, ерулік беру секілді ізгі дәстүрлер бар. Біздер «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, кез-келген уақытта ағайын-туысқа, дос-жаранға, көрші-қолаңға көмегімізді аямаған халықтың ұрпағымыз.
Биыл Еріктілер жылы аясында қоғамға пайдалы шаралар жасалуда.Бізде осындай игі шаралардан құр қалмайық деп, бүгін Қызылорда қаласы төңірегіндегіСырдария өзенінің бойындағы қауіпті аумақта жағалауды нығайту жұмыстарына көмектестік.
Әрине, су тасқыны, бұл - тілсіз жау және оның алдын алуда облысымызда тынымсыз жұмыстар жүруде. Бұл үшін арнайы құрылымдар да бар. Дегенмен, төтенше жағдайлардың алдын алуға атсалысып, қол көмегімізді көрсетуді жөн санадық.
Еріктілер білім, медицина, мәдениет, спорт, экология, әлеуметтік қайырымдылық және басқа да бағыттарда көмектерін көрсетуде. Сол себепті, Еріктілер жылы аясында сырбойылықтарды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердіигі істерге, қайырымдылық шараларына барынша атсалысуға шақырамын», - деді Департамент басшысы Нұрман Талқанбаев.
Осы кезге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Еріктілер жылы аясында еліміздегі мемлекеттік қызметшілер арасында #Игіістеруақыты бастамасының бастау алғанын хабарлаған болатын.
Еріктілер жылындасырбойылық мемлекеттік қызметшілер арасында #Игіістеруақыты бастамасымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.
10 ақпан 2020 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№12 (8765)

15 ақпан 2020 ж.

№11 (8764)

11 ақпан 2020 ж.

№10 (8763)

07 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам