Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біліктілікті арттыру – кәсібилік кепілі

Біліктілікті арттыру – кәсібилік кепілі

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы он бес қадамы халық мүддесіне қызмет ететін кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудан басталады.

Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастырудың алғышарттарының бірі кәсіби мамандар. Сол себепті білімі мен біліктілігі жоғары, заманауи трендтерге жауап беретін мемлекеттік қызметшілерді дайындау қажеттілігі күн тәртібінен түскен емес.
Бүгінде облыста орталық және жергілікті атқарушы органдарда 3540 мемлекеттік қызметші түрлі салаларда жұмыс жасайды. Олардың 3297-сі немесе 93,1 пайызы жоғары білімді мемлекеттік қызметшілер.
Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелдік жоғары орындарында білім алған 6 азамат аймағымыздағы мемлекеттік органдарда қызмет етуде.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын, еліміздегі бірден-бір жоғары оқу орны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 19 түлегі облыстық мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, 9 ғылым кандидаты да мемлекеттік қызметшілердің қатарында аймақтың дамуына өз үлестерін қосуда.
Өңірдегі мемлекеттік қызметкерлерді оқыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген не "Б" корпусының әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған адамдарды қайта даярлау Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымға тағайындалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қайта даярлауға жіберілсе, үш жылда бір рет біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін және оның құзыреттерін дамытуға бағытталған бағыт бойынша жүргізіледі.
Қайта даярлау курстарынан өткен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қайта даярлау курстары аяқталған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей біліктілікті арттыру семинарларына жіберіледі.
Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында 150 қызметкер қайта даярлау курсынан өтсе, 455 қызметкер біліктілігін арттырған.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында ғана емес, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын болды.
Мемлекеттік қызметші болу үлкен жауапкершілік. Ол билік пен халық арасындағы байланыстырушы буын. Сондықтан да мемлекеттік қызметшінің кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Мақпал АБТИКЕРОВА
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы
17 қаңтар 2020 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930