Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпсіз қоғам үшін: Шиеліде жедел профилактикалық іс-шара

Қауіпсіз қоғам үшін: Шиеліде жедел профилактикалық іс-шара

Желтоқсанның алғашқы күндерінде Шиеліде ерекше жедел профилактикалық іс-шара басталды. Қызылорда станциясы ЖПб-не қарасты полиция қызметкерлері «Stop Traffic» акциясын өткізіп, қоғамдағы адам саудасы мен еңбекке мәжбүрлеу сияқты ауыр қылмыстардың жолын кесуге кірісті.
2025 жылдың 3–5 желтоқсан аралығында жүргізілетін шара барысында полиция қызметкерлері шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық алқаптарынан бастап, қыстақтар, құрылыс нысандары, көңіл көтеру орындары мен қонақ үйлерге дейінгі аумақтарды тексеріп, еңбекке мәжбүрлеу, көрнеу жезөкшелік, жеңгетайлық, жаңа туған сәбилерді сату және сауда құрбандарын пайдалану сияқты құқық бұзушылықтарды анықтауда. Шиелі полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны К. Ерниязовтың айтуынша, мұндай профилактикалық іс-шаралар қоғамдағы заңсыздықтың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Құқық қорғау органдары тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау үшін әрқашан белсенді жұмыс істеуде. Әрбір азаматтың хабарламасы маңызды, себебі бірлескен күш-қуат арқылы қоғамда әділдік пен қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.


Шиелі ст.ЖПб бастығының міндетін атқарушы
полиция капитаны К. Ерниязов
04 желтоқсан 2025 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031