Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Шартты түрде» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Шартты түрде» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Маусымның 21-27 күндері аралығында республикалық «Шартты түрде» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның мақсаты пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаға жатпайтын жаза түріне сотталғандардың тарапынан құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған тәрбиелік жұмыстар жүргізу және пробация қызметінің бақылауынан жасырынғандарды табу шараларын іске асыру болып табылады.
Аталған жедел-профилактикалық іс-шараға Шиелі аудандық полиция бөлімі де қызу дайындықпен атсалысып жатыр. Атап айтар болсақ, аудандық полиция бөлімінен 22 учаскелік полиция инспекторы, пробация қызметінен 3 қызметкер жұмылдырылды. Бірлескен іс-шара барысында пробация қызметінде тұрған 3 азаматтан әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, олардың жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғандары белгілі болып, бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі үшін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға Шиелі аудандық сотына ұсынымдар жолданды.

Ақбота Баянбай
25 маусым 2021 ж. 409 0