Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ізгілендіру саясатын жүзеге асырып келеді

Ізгілендіру саясатын жүзеге асырып келеді

Бүгінгі күнде елімізде кеңінен қолданылып жатқан жазаларды барынша ізгілендіру саясатының нәтижесінде қоғамнан оқшау­лаумен байланысты емес жазалар­ға, сондай-ақ ізгілендіру саяса­тына және де ҚР Үкіметінің 23 қазан 2014 жылғы № 1131 қаулысы бойынша «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеу­меттік-құқықтық көмек көрсету қағидалары» туралы қаулысы жү­зе­ге асырылып, көптеген іс-шара­лар атқарылып жатыр. 
Пробация қызметі бұл адамдарды бақылап қана қоймай, оларға түрлі әлеуметтік көмек көрсетеді. Осылайша, аяғын шалыс басқан жандардың қоғамға бейім­делуіне мүмкіндік беріледі.
8- наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында  «Жәрдем-Содействие», «Ашық азаматтық қоғам» және «Ару Ана» қоғамдық бірлестіктері Қызылорда қалалық Пробация үйінде Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған әйел азаматшаларға өздерінің жеке кәсіптерін ашу,  жаза өтеу барысында қайталап қылмыстылыққа бармау туралы  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
        Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында жиынға қатысушы Пробация қызметінің есебінде тұрған әйел азаматшаларға қоғамдық бірлестіктердің төрайымдары өздерінің алып келген сый-сияапаттарын таратып , жылы лебіздерін білдірді.   Пробация қызметінің есебінде тұрған әйел азаматшалар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Сонымен қатар Пробация қызметінің қызметкерлері А.Ыбырайым, Р.Сыздықов, Ж.Ернияз, Д.Сайдилдинов, И.Дадабаеваны «Ару Ана» қоғамдық бірлестігі Алғыспен марапаттады.
11 наурыз 2018 ж. 1 357 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031