Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық әйелдер күні қарсаңында

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында


8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шиелі аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагері Зина Ізбастықызы Жаңбыршаеваны мерекесімен құттықтады.
Зина Ізбастықызы Жаңбыршаева Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетінің түлегі, заң саласындағы еңбек жолын 1979 жылдан Қызылорда облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі болып бастап, 1981 жылдан Қызылорда қалалық заң консультациясының меңгерушісі  болған. 1982 жылдан Шиелі аудандық халық сотының судьясы, ал 1984 жылдан бастап Қызылорда қалалық сотының судьясы болып қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққанға дейін аталған сотта судья қызметін абыроймен атқарған. «Үш би»  төс белгісінің иегері.
Зина Ізбастықызы саналы ғұмырын сот жүйесінің өркендеуі мен дамуына арнаған білікті судья. Ол өз өндірісіндегі істердің тараптардың татуласуымен аяқталуына барынша атсалысып, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесетін. Қазіргі күні Зина апай жас судьялардың ақылшысы, ұстазы, жас судьялар сол кісіден үлгі алып, бой түзейді.
Кездесу барысында ардагер судья З.Жаңбыршаева өзінің сот саласындағы атқарған жұмысы, қазіргі сот жүйесінде  жүргізіліп жатырған реформалар, судья қызметінің жауапкершілігі мен міндеті туралы кеңінен әңгімелеп, үлкенді сыйлау, құрмет көрсету  біздің халқымызға тән қасиет екенін, бұл кездесу ұрпақтар сабақтастығының айқын дәлелі екенін атап өтті.


Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі

Қызылорда облыстық соты сайтынан



06 наурыз 2018 ж. 1 400 0