Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік көмек алушылар азайып келеді

Әлеуметтік көмек алушылар азайып келеді


Қызылорда облысында аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 330 адамға азайса, атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебіндегі жұмысқа жарамдылардың үлесі 2,3 пайызға төмендеді.
Әлеуметтік қорғау шаралары аясында 69 525 аз қамтылған азаматқа 1 645,3 млн теңгеге балалар жәрдемақысы және әлеуметтік көмек төленді.
Облыста мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар саны артып келеді. Бүгінде 5 үкіметтік емес ұйым 200 мүгедек баланы арнайы әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етуде.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру Тұжырымдамасына сәйкес 2018 жылдан бастап үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын балаларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес секторда күндіз болу бөлімшелеріне кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімдігі мен облыс прокуратурасы бірлесіп бекіткен «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық» жобасына сәйкес облыс деңгейінде мүгедектерге арналған мемлекеттік бағдарламалар, жұмыс квоталары, оңалту шаралары, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік көмектер туралы қажетті мәліметтерді қамтитын дербес және қолжетімді «Кедергісіз келешек» сайты ашылып, қолданысқа енгізілді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз - 2017» байқауының қорытындысы бойынша «СКЗ-U»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Еңбек қорғау саласында үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша лауреат атанды.
13 ақпан 2018 ж. 4 047 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031