Қызмет көрсететін үй
Кейінгі жылдары мемлекет пен жеке бизнестің жаңа формасы – мемлекеттік-жеке әріптестік кең қанат жаюда. Қызылорда облысында да «Аумақтық мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығы» құрылған. Нәтижесінде, әріптестік жобаларды консультативтік сүйемелдеуге, инвестициялық қабілетті арттыруға күш салынып келеді.
Әріптестік бағдарламасы аясында әлеуметтік салаға да айрықша көңіл бөлінуде. Бұл бағытта биыл Шиелі кентінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін шағын орталық жұмысын бастайды. Қарттар мен мүгедектерге көмек көрсету жобасы бес жыл мерзімге жоспарланып отыр. Осындай игі бастамаға қолдау көрсеткен «Думан-Шиелі» ЖШС болатын.
Аталмыш серіктестік директоры Қанат Исмағұлов: «Ұсыныс облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасымен қаралды. Нәтижесінде жобаны іске асыру қажеттілігі туралы қорытынды жасалып, келісімге қол қойылды. Алдағы уақытта әлеуметтік қызмет көрсету үйінде 100 адам тұратын болады. Мұнда педагогикалық, психологиялық, заңдық және медициналық қызметтер көрсетіледі. Ендігі кезекте ғимарат құрылысын бастап, оны қажетті құралдармен қамтамасыз етуге жұмыс жасаймыз» – деп алдағы жоспарларымен бөлісті.
Бұл жерде ұсынылған мүмкіндіктің екі тарапқа да тиімді екендігі тайға таңба басқандай айқын. Расында, әлеуметке пайдалы әріптестік мемлекет пен бизнестің өзара ынтымақтастығын арттырып, қажетті инфрақұрылымдарды тартуға мүмкіндік беруде. Бұл жобаның тиімділігі, қоғам үшін қажетті басымдықтарды басты назарға алады.
«Өскен өңір» ақпарат.