Жіті бақылау жүгенсіздіктен сақтайды

Қазіргі уақытта Шиелі аудандық Пробация қызметінде 82 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар есепте тұрады.
Сонымен қатар, сотталғандардың жақындығы бар туыстарымен қайта түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында сотталғандардың сұрауы бойынша жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуін сұрап, сол мақсатта әлеуметтік құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы жасалып, сотталғанды жұмысқа орналастыру үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жеке бағдарламасының көшірмесімен бірге қатынас жолданып, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы құрылып, Шиелі аудандық емханаға денсаулық жағдайын тексеру үшін, жеке бағдарламасының көшірмелерімен бірге қатынастар жолданып, 38-сотталғанға медициналық көмек көрсетілді.
Оған қоса, Пробация қызметі есебінде тұрған қоғамның оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандардың жаза өтеп жүріп, инспекция есебінен жалтарудың, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу және сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізу, оларға өз құқықтары мен жауапкершіліктерін түсіндіру мақсатында жүргізіліп отыр. Бүгінде бұл іс-шараның жүргізілуіне Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінен учаскелік полиция инспекторлары және күнделікті полиция кешенді күштері тартылып отыр.
Ж.МҰЯТ,
Шиелі аудандық Пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны.