Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге (жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары) ветеринариялық сертификат беруге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1|418 санды бұйрығымен бекітілген.
Аудан көлемінен экспортқа шығару кезінде орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат алу үшін өтінішті қабылдау ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шиелі аудандық аумақтық инспекция мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шиелі аудандық аумақтық инспекция мемлекеттік мекемесі Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Бөгенбай батыр көшесі, №21 ғимаратында орналасқан, байланыс телефоны 4-21-75.
Мемлекеттік қызметті көрсету, яғни, ветеринариялық сертификат беру мерзімі аумақтық инспекция тарапынан өтініш құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 3(үш) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. Аудандық аумақтық инспекция берілген құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда аудандық аумақтық инспекция 3 күннің ішінде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тарта отырып, өтініш берушіге қайта жолданады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру азанғы сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30- аралығы. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз кезек тәртібімен көрсетіледі.
Ветеринариялық сертификатты алу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттар топтамасын ұсынады:
1. Белгіленген нысан бойынша өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат;
3. Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде –зертханалық сараптама актісінің көшірмесі;
4. Иттер мен мысықтарды тасымалдау кезінде ветеринариялық паспорттың көшірмесі;
5. Ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын квитанция көшірмесі.
Аудан көлемінен республика аумағынан сыртқа шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат алуға байланысты қосымша мәліметтерді аудандық аумақтық инспекцияға келіп алуға болады және халыққа көрсетілетін осы мемлекеттік қызметтерге сәйкес қызмет алушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті ақпараттық стенді аудандық аумақтық инспекция ғимаратында орналасқан.
Кәсіпкелер мен жеке тұлғаларға қызмет көрсетудің сапасын арттыру аудандық аумақтық инспекция қызметкерлерінің басты міндеті болып саналады.
Б.ДӘуренбеков,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.