Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Ветеринария саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 бұйрығымен реттелген.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру мемлекеттік қызметін Шиелі ауданы бойынша АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары жүзеге асырады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ауданның аумақтық инспекциялар арқылы, сонымен қатар, «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті ауруларды болдырмау, аудан көлеміне таратпау инспекцияның негізгі міндеті. Осыған орай, ветеринария саласындағы сұрақтар бойынша, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шиелі аудандық аумақтық инспекция басшысы Дауренбеков Бағдат Мінауарбекұлы азаматтарды жеке ісімен қабылдау уақыты: дүйсенбі-бейсенбі күндері сағ: 16.00-18.00-ге дейін, мекеменің сенім телефоны 4-21-75. Алдағы уақытта кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру ветеринария саласы мамандарының басты міндеті болып қала бермек.
Б.Дауренбеков,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.