Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ


Аудандық мәдениет үйінде облыс бойынша бірінші рет ауданымызда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараны аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы ашты. Жәрмеңкені өткізудегі негізгі мақсат – халықтың мемлекеттік қызметтің көмегін алу кезіндегі әдістемелік-түсіндіру ауқымын кеңейту, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру және жұмыс беруші мемлекеттік органдар, ұжымдар, қоғамдық бірлестіктер арасында қажетті мамандар таңдауларына, жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау. Жәрмеңке барысында оған қатысушыларға 23 мекемеден 47 жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеде жер, әлеуметтік, білім, тұрғын үй, әділет, салық салалары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, мамандардан кеңес алды
.
Дереккөз: Аудандық Ішкі Саясат бөлімі.
30 наурыз 2018 ж. 2 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031