Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиа-жоспар аясында кездесу өтті

Медиа-жоспар аясында кездесу өтті

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты 169/5 мекемесінде  Ішкі істер министрлігінің дүниежүзілік экономикалық форумына байланысты жаһандық индексінің индикаторларын жақсартып, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға арналған  медиа-жоспар негізінде кездесу өтті. 
ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет майоры Жүніс Әбдіқайыров алдымен күн тәртібіне тоқталып өтті.  Департаментке қарасты мекемелерде сотталғандарды жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша бірқатар жұмыс атқарылды. Жұмыспен қамтылған 393 сотталғанның 137, РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалында, 108 сотталған, мекемелердің шаруашылық жұмыстарында, 148 сотталған жеке кәсіпкерлерге жұмысқа орналастырылған.
169/5 мекемесінде барлығы 8 кәсіпкер мекеменің өндірістік аймағында жұмыс істеуде (тігін цехы, газоблок цехы, брусчатка, мүсін цехы, қолөнер цехтары, дәнекерлеу цехтары) және онда орта есеппен 109 сотталған жұмысқа орналастырылды. Қызылорда политехникалық колледжі және Қызылорда құрылыс және бизнес колледжімен 169/5 мекемесі арасында 2017-2018 жылға білім беру қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы келісім-шарты жасалынды.  Ағымдағы жылдың шілде айында 34 сотталған, оның ішінде 17 сотталған «Ағаш ұстасы», 17сотталған «Газэлектрдәнекерлеу» мамандықтары бойынша диплом алды. 2017/2018 оқу жылына «Ағаш ұстасы» мамандығының орнына қазіргі нарық заманына сай келетін «сантехник» мамандығы енгізілді. Бүгінгі күнге 22 сотталған «сантехник» мамандығы, 24 сотталған «газоэлектрдәнекерлеу» мамандығы бойынша білім алуда. РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалының директоры Е.Төребеков Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелерінде 2018 жылға сотталғандарды жұмыспен қамту, бар өндірістерді жетілдіру бойынша атқарылатын іс-шаралар  туралы баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында  кірпіш,  әр түрлі металл және темір бетон бұйымдарын  жасау өндірісін,  сондай-ақ  тігін өндірісін( орамал, жастық сырты, сотталғандарға арналған  арнайы киім) жолға қойып, өнімдер шығарып жатқандығын айтты.
 Қазіргі кезеңде түзеу мекемелерінде қызмет көрсету атап айтқанда сотталғандарды тамақтандыру, жылумен қамтамасыз ету және ауыз су тарту қыс айларында асқан ұйымшылдықпен орындалуда. Алдағы уақытта сотталғандарды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіп, сапалы қызметтер көрсете береміз деп  өз баяндамасын аяқтады.
Қазіргі таңда мекемеде жазасын өтеуші  сотталғандардың  84%-тен  астамы жұмыспен қамтылған.
 Сонымен қатар ҚР ҰКП «Атамекен»  Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Бизнес-тренері А.А. Жолдасбеков  ҚР ҰКП «Атамекен» Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы тарапынан  ЖК, ЖШС өз кәсібін ашып жүргізуге  берілетін жеңілдіктер мен көмектер туралы айтты. «Атамекен» ҰКП-ның штаттан тыс бизнес-кеңесшісі Д.К.Акимбаевадан бизнесті құру және жүргізу негіздеріне сотталғандарды оқыту туралы келіп түскен өтінішіне байланысты, Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасынан  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты  ЗК-169/5 мекемесінің (қатаң режимінде) жазасын өтеп жатқан сотталғандарды  бизнесті құру және жүргізу  бойынша 2017 жылдың 10 мен 11- ші тамыз аралығында  қысқа мерзімді оқу курсы өткізіліп, жалпы 15 сотталған қатысып, 5 сотталғанға сертификат және 10 сотталған  азаматтарға бизнесті құру және жүргізу туралы анықтамасы  табысталғанын алдағы уақытта атқарылған жұмыстар өз жалғасын табатынын айтып өтті.
Одан соң  ЗК-169/5 мекемесінің Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы әділет майоры Е. Сон  өз баяндамасында ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері басшыларымен атқарылған жұмыстар және жұмыс бабында туындайтын  мәселелер жөнінде кеңінен тоқталып өтті. ҚР ҰКП «Атамекен»  Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Бизнес-тренері А.А. Жолдасбековке Жеке кәсіпкерлер, ЖШС өз тараптарынан өз кәсіптерін одан әрі ұлғайтуға қандай көмектер алуға болатындығы   жөнінде сұрақтар қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті 
09 ақпан 2018 ж. 1 617 0