«Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасы өтуде
Тәртіп пен заң бәріне ортақ. Әсіресе қоғамдық орындарда тазалық және тәртіп сақтау аса маңызды. Шиелі ауданында көпшілік орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мамандар көптеген шаралар атқарып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келеді. Биылғы жылдың 14 қаңтарынан бастап аудан аумағында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары Шиелі темір жол аумағында 6 құқық бұзушылықты анықтады. Оларға түсіндіру-ағарту жұмыстарын да жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады. Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан халқы түсіністік танытып, заңға бағынса құқық бұзушылықтар орын алмайтын болады.

Нұрсұлтан Төрәліұлы,
Шиели ст ЖПБ-ң ППТ полицейі
полиция старшинасы
Шиели ст ЖПБ-ң ППТ полицейі
полиция старшинасы