«Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті
Қазан айының 27-28 жұлдызы аралығында Республика аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.Аудандық полиция қызметкерлері интернеттегі алаяқтық, құқық бұзушылықтар турасында орын алған қылмыстарды ашу және олардың алдын алу бағытында біршама жұмыстарды атқарды. Айта кетейік, бұл күндері қылмыстардың басым көпшілігі танымал онлайн-сервистерде алдын ала төлемді талап етумен тауарларды және қызметтерді сату туралы хабарландыруларды орналастыру арқылы жасалады екен. Тәртіп сақшылары 2 күннен бері аудандағы ахуалды бақылауға алып, қылмыстық істерді болдырмау бағытында үздіксіз жұмыс істеп, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Өскен өңір» ақпарат







