Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыздыққа жол жоқ

Заңсыздыққа жол жоқ

Биылғы жылдың 6 қаңтар және 5 ақпан күндері аралығында аудандық желілік полиция бөлімшесі қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталған шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, заңсыз аң аулау мен балық аулау, ағаш кесу және өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау.

Өз кезегінде Шиелі ауданының полицейлері азаматтарды, табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға, табиғатты қорғауға және осы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

«Өскен өңір» ақпарат
21 қаңтар 2020 ж. 1 017 0