Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Контрафакт» қылмысқа қарсы іс-шара

«Контрафакт» қылмысқа қарсы іс-шара

Республика аумағында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы 22 мамырдан бастау алды. Аталмыш шараға Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімшесі де кірісті.
Бұл шараның негізгі бағыты еркін саудаға тыйым салынған өнімдерді заңсыз дайындайтын, басып шығаратын және тарататын адамдарды анықтау. Сондай-ақ, қатыгездік пен зорлыққа бас ұруды насихаттайтын ақпараттарға тосқауыл қойып, тексеру жүргізу барысында айғақ заттарды тәркілеу болып табылады. Адам денсаулығына кері әсерін тигізетін заңсыз өнімдерді шығарып сақтайтын, заңсыз интернет-ресурстарын анықтап, айғақ заттарды тәркілеу жұмыстарын арнайы мамандандырылған жедел-тергеу топтары іске асыруда. Сонымен қатар, бейне-аудио өнімдерін сататын орындарды, фирмаларды және компанияларды, қойма сақтау орындарын тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. Бүгіннен бас­тау алған шарада халықты интернет желілерін дұрыс пайдалануға кеңес берген ақпараттар тарату жұмысы да қолға алынған.

Ж.НОҒАЙБАЙҚЫЗЫ.
22 мамыр 2018 ж. 1 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031