Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 18.01.2020 жылғы №1-5-2-55/195-И нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айының 20 мен ақпан айының 20 күндері аралығында аудан көлемінде «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың жолын кесу болып табылады.
Іс-шара барысында отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алуда отбасы мүшелерінің өтініші негізінде сот шешімімен 3 адам 6 ай мерзімге облыстық наркология орталығына еріксіз емдеу мекемесіне жатқызылып, 29 адамға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылып, 7 адамға қатысты ерекше талаптар белгіленіп, бір айдан 1 жылға дейінгі мерзімге құқық бұзушылыққа бейім адамдар Шиелі ауданының полиция бөлімінің қадағалауына алынып отыр.
Отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда Шиелі ауданының полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары мен әйелдерге қарсы зорлық зомбылық тобының инспекторлары тәулік бойы сіздердің арыз-шағымдарыңызды қабылдай отырып, сіздерге отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласы бойынша кеңес жүргізеді.

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
25 ақпан 2020 ж. 1 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930