Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » “ҚАУІПСІЗ ЖОЛ” ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

“ҚАУІПСІЗ ЖОЛ” ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қызылорда облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтті. Шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің тәртібін бақылау кең көлемде жүргізілді. Іс-шара қорытындысын Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Мұратбек Манатов баяндады. Бұл шара жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.
- Іс шара барысында мектептерде және білім ұйымдарында 300-ге жуық жол ережесі бойынша семинарлар өткізілді. Сонымен қатар, «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолында кемпингтерде және демалыс орындарында жүргізушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Осы автожолдың бойында жергілікті атқарушы органдарды қатыстыра отырып, екі мәрте жолда қабылдау акциясы өткізілді. Іс-шара барысында Қызылорда облысының Полиция департаментінің 352 қызметкері, 134 автопатрульдеу бағытында патрульдік полициясының -212, учаскелік полиция 122 және қалалық, аудандық бөліністерінің басқа салаларынан 18 қызметкер жұмылдырылса, басқа қызмет салаларынан 23 қызметкер жұмылдырылды. Іс-шараның 30 күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша 10 975 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, 1281 автокөлік айып тұрағына қойылып, 377 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу белгілері алынды,- деді Мұратбек Мейрамбекұлы.
20 мамыр 2025 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031