Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы жүргізілуде

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы жүргізілуде

Облыс  көлемінде  жазғы демалыс қарсаңында  балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын-алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында 2018 жылғы 1-31 мамыр аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды республикалық акциясы өткізілуде. Шара жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау, білім беру органдарымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі аумақтық орталықтармен, мүдделі азаматтық қоғам институттарымен, БАҚ-пен бірлесіп ұйымдастырылған.
 Аталған акцияның мақсаты балалардың қатысуымен болған  ЖКО себептері мен мән-жайларын зерттеу, мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Акцияның алғашқы күні Қызылорда қаласының мәдениет паркінде өтті. 2018 жылғы 9 мамыр күні Жергілікті полиция қызметкерлері Жол қозғалысының жас инспекторларының қатысуымен «Баяу қозғал», «Балалардың өмірін сақтайық» тақырыбында акция ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Жол қозғалысының жас инспекторлары жол ережелерін сақтау және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналар мен көлік жүргізушілеріне сауалдар мен сұрақтар қойды.
Шара соңында балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында алыстан жарыққа белгі беретін лента (отражательная лента) тағып жүрулері керектігі жөнінде кеңес бере отырып, балалар мен олардың ата-аналарына таратты.
Сонымен қатар, «Жүргізуші, біз өмір сүргіміз келеді» деген ұранмен жол қозғалысының жас инспекторлары жаяу жүргіншілер жолағына шығып, жүргізушілер арасында насихаттау шараларын жүргізіп, жолда жүру мәдениетін сақтауға, барлық жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. 
Бұл бағыттағы жұмыстар ОІІД Жергілікті полиция қызметімен әрі қарай жалғасын тауып, өз деңгейінде жүргізілетін болады.
10 мамыр 2018 ж. 3 566 0